HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Manual do Utilizador Página 47

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 100
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 46
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft® Windows® жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар.
ЕСКЕРІМ: Rapid Start Technology əрекетсіз тұрған компьютердің жұмысын жылдам
жалғастыруға мүмкіндік береді. Rapid Start Technology қуат үнемдеу мүмкіндіктерін мына
жолмен басқарады:
Ұйқы – Rapid Start Technology ұйқы күйін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқы күйінен шығу үшін
кез келген пернені басып, сенсорлы тақтаны/Imagepad тақтасын іске қосыңыз немесе қуат
түймешігін тез басып қалыңыз.
Күту – Rapid Start Technology күту күйінің жұмысын басқарады. Күту күйі мына
жағдайларда автоматты түрде іске қосылады:
Батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрған кезде 2 сағат ішінде
əрекетсіз болғанда;
Қалған батарея заряды өте төмен деңгейге жеткенде.
Күту күйі басталғаннан кейін, жұмысты жалғастыру үшін қуат түймешігін басыңыз.
Күту күйі Rapid Start Technology арқылы басқарылатындықтан, күту күйі мүмкіндік ретінде
көрсетілмейді.
ЕСКЕРІМ: Rapid Start Technology зауытта іске қосылады жəне оны Setup Utility (BIOS)
бағдарламасында өшіруге болады. Егер Rapid Start Technology Setup Utility (BIOS)
бағдарламасында өшірілген болса, күту күйін таңдауға болады.
Ұйқы күйінде экран тазалайды да, жұмысыңыз жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда
ұйқы күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде
болғанда немесе ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту
күйіне қосылады.
Күту күйі қосылған кезде, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалану арқылы дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы (немесе күту) күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша ұйқы күйі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде
болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасындағы «Параметры
электропитания» (Қуат параметрлері) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 37
Vista de página 46
1 2 ... 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 ... 99 100

Comentários a estes Manuais

Sem comentários