
2 Бағдарламалық құралды пайдалану
Басты мәзір
Басты мәзірді ашу үшін
▲
Басты мәзір белгішесін таңдаңыз.
Басты мәзір арқылы келесі параметрлерді теңшеуге болады.
●
Дыбыс: бағдарламалық құралдың дыбысын ВКЛ (Қосулы) немесе ВЫКЛ (Өшірулі) күйіне өзгерту
үшін қолданылады.
●
Анимация: бағдарламалық құралдың анимациясын ВКЛ (Қосулы) немесе ВЫКЛ (Өшірулі) күйіне
өзгерту үшін қолданылады.
●
Тіл: тілді таңдау үшін қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметр арқылы бағдарламалық құралдың тілі ғана өзгеріледі. Пернетақтаның
тілі өзгерілмейді.
●
Өң: пайдаланушы интерфейсінің фондық кескінін таңдау үшін қолданылады.
●
Мәтін: мәтіннің Өлшемі, Түсі және Жарықтығы параметрлерін реттеу үшін қолданылады.
Ойыншы профильдері
P01 мен P10 аралығында он профиль қолжетімді.
Бір профиль үшін теңшелген параметрлер басқа профильдерге әсер етпейді.
Профиль атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басқан кезде, келесі опциялар экранға шығады:
●
Load (Жүктеу) опциясы ағымдағы профильді сақталған профильмен ауыстырады. Ашылған
терезеде файлды таңдап, Open (Ашу) түймешігін басыңыз.
●
Save (Сақтау) опциясы ағымдағы профильді файлға сақтайды. Ашылған терезеде файл атауын
енгізіп, Save (Сақтау) түймешігін басыңыз.
●
Reset (Ысыру) опциясы профильдің параметрлерін әдепкі мәндеріне қайтарады.
●
Cancel (Бас тарту) опциясы профиль мәзірін жабады.
Перне қойыншасы
Басылған перне қай әрекетті орындалатынын өзгерту үшін KEY (Перне) қойыншасын таңдаңыз.
Перне орындайтын әрекетті өзгерту үшін
1. Gaming mode (Ойнау) режимін таңдаңыз.
2. Пернені таңдаңыз.
3. Перне басылған кезде орындалатын әрекет түрін таңдаңыз.
2 2-тарау Бағдарламалық құралды пайдалану
Comentários a estes Manuais