HP Pavilion 27q Display Manual do Utilizador Página 20

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 30
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 19
3. HP My Display түймесін басыңыз.
4. HP My Display опциясын таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты бағдарламалық құрал экранындағы Анықтама бөлімінен қараңыз.
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану
Монитор экранындағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандағы дисплей (OSD)
мәзірін пайдаланыңыз. Монитордың артындағы түймелерді пайдаланып OSD ішіне кіріп, тиісті
реттеулерді жасауға болады.
OSD мәзіріне кіріп, тиісті реттеулерді жасау үшін келесілерді орындаңыз:
1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін Питание (Қуат) түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзіріне кіру үшін монитордың артындағы Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
3. Экрандық дисплей мәзірін шолу үшін, монитордың артқы тақтасындағы Плюс түймесімен жоғары
айналдырып өтіңіз немесе Минустүймесімен төмен айналдырып өтіңіз.
4. Экрандық дисплей мәзірінен элементті таңдау үшін Плюс (Қосу) немесе Минус (Алу) түймесін
пайдаланып, оған өтіңіз және оны бөлектеңіз, содан кейін сол функцияны таңдау үшін OK
түймесін басыңыз.
5. Масштабты реттеу үшін Плюс (Қосу) немесе Минус (Алу) түймелері арқылы элементті реттеңіз.
6. Функцияны реттегеннен кейін, параметрді сақтау үшін OK түймесін басып, Негізгі мәзірден Шығу
опциясын таңдаңыз.
Негізгі мәзір Сипаттама
Жарықтық Экранның жарықтық деңгейін реттейді. Зауыттық әдепкі мәні – 90.
Контраст Экранның контраст деңгейін реттейді. Зауыттық әдепкі мәні – 80.
Түстерді басқару Экран түсін және қарау режимдерін таңдайды және реттейді.
Кірісті басқару элементі Бейне кіріс сигналын таңдайды.
Кескінді басқару Экрандағы кескінді реттейді.
Қуатты басқару Қуат параметрлерін реттейді.
Мәзір басқаруы Экрандық мәзірдің басқару элементтерін реттейді.
Басқару DDC/CI параметрлерін реттейді және экрандағы дисплей мәзірінің барлық параметрлерін зауыттық
әдепкі мәндеріне қайтарады.
Тіл Экрандық мәзір көрсетілетін тілді таңдайды. Зауыттық әдепкі тіл – ағылшын.
Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты таңдайды және көрсетеді.
Шығу Экрандық мәзір экранынан шығу.
Төменгі көк шам режиміне реттеу
Дисплейден шығрылатын көк жарықты азайту арқылы көзге түсетін көк жарық экспозициясын
азайтуға болады. HP мониторларында экрандағы мазмұнды оқыған кезде көк жарық шығысын
азайтып, көбірек демалдыратын және кескін үлгіленуін азайтатын параметр бар.
14 2-тарау Мониторды пайдалану
Vista de página 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 29 30

Comentários a estes Manuais

Sem comentários