
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін, анықтама жəне
қолдау бөлімін қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама жəне
қолдау пəрменін таңдаңыз.
WLAN жүйесін жалғау
WLAN жүйесіне қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютердегі WLAN құралының қосылып тұрғанын тексеріңіз.
2. Чармдарды көрсету үшін меңзердң бастау экранынан экранның оң жақ түбіндегі жоғарғы
немесе төменгі бұрышына бағыттаңыз.
3. Параметрлер тармағын таңдаңыз да, желі күйінің таңбасын басыңыз.
4. Тізімнен WLAN жүйесін таңдаңыз.
5. Қосу пəрменін басыңыз.
Егер WLAN қауіпсіздігі қосылған болса, қауіпсіздік кодын енгізу қажет
болады. Кодты теріп,
байланысты аяқтау үшін OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер тізімде WLAN-дар болмаса, сіз сымсыз рутер немесе жетімділік
нүктесінің аумағынан тыс болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Өзіңіз қосылғыңыз келген WLAN көрінбесе, жұмыс үстелінен желі күйінің
таңбасын басыңыз да, желі жəне бөлісу орталығын ашу пəрменін басыңыз. Жаңа
байланыс немесе жаңа желі орнату пəрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған
қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
Байланыс жасалған соң, байланыстың атауы мен күйін растау үшін, меңзерді хабарландыру
аймағындағы тапсырмалар бағанасының оң жақ түбіндегі желі күйінің таңбасына қарай
бағыттаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жарамдылық ауқымы (сымсыз сигналдардың қозғалысының қашықтығы) WLAN
жұмысына, рутер өндірісіне жəне басқа электрондық құралдардың кедергісіне немесе қабырға
мен еден сияқты қатты кедергілерге байланысты болады.
Сымды желіге қосылу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына
жалғамаңыз.
Жергілікті аймақтық желіге (LAN) қосылу.
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе
офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 (желі) кабелі қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
14 Бап 3 Желіге қосылу
Comentários a estes Manuais