HP ZBook 17 G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) Manual do Utilizador Página 53

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 85
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 52
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздерді
компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінде немесе Computer Setup құралында орнатуға
болады.
BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі құпия
сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск мүлдем жабылып
қалады және оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін және Windows қауіпсіздік мүмкіндігі
үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) мүмкіндігін веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау
үшін пайдаланыңыз. Егер оларды болашақта ұмытып қалсаңыз, оларды қауіпсіз түрде оқи
аласыз.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Мына кестелерде жиі пайдаланылатын Windows және BIOS әкімшісінің құпия сөздері көрсетілген және
функциялары сипатталған.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Windows әкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімшісінің құпия сөзін орнату арқылы
BIOS әкімшінің құпия сөзі орнатылмайды.
Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
*Windows әкімшісінің құпия сөзін немесе Windows пайдаланушысының құпия сөзін орнату туралы ақпарат алу үшін Пуск
(Бастау) > Все программыарлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР анықтамасы және қолдау) > HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) тармағын таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз
Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
Құпия сөздерді пайдалану 43
Vista de página 52
1 2 ... 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 ... 84 85

Comentários a estes Manuais

Sem comentários