
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған сыртқы
пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
▲
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз және НР логотипі пайда болған кезде Computer
Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
●
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтасы жоқ планшетте саусағыңыздың көмегімен таңдауға болады.
●
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін
басыңыз.
●
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Computer Setup пайдалану 63
Comentários a estes Manuais